ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ төмендегі бос орындарға конкурс жариялайды:
- мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі – 1 жүктеме
- аға тәлімгер – 1 жүктеме
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пацаев көшесі 2Г. Эл.поштасы: badam-sh1@mail.ru
Телефон нөмері: 8-713-42-72046, 8-713-42-72051
Конкурс талаптары бойынша сілтемеге өтіңіз: http:// badam-sh1.edu.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20 қыркүйек-28 қыркүйек 2023 жыл(хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Құжаттарды қабылдайтын орын: «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы»КММ І-қабат қабылдау бөлмесі
Негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және уақытша бос лауазымның атауы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (14.04.2023ж №100 бұйрығы толықтырулар мен өзгерістермен) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64, 66 тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды (ескеру)
Еңбек ақы мөлшері:
-мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі – 167 000 (бір жүз алпыс жеті мың) теңге;
— аға тәлімгер -167 000 (бір жүз алпыс жеті мың) теңге.
Конкурсқа қатысушылар хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Cертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).