Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы 

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ төмендегі бос орындарға  конкурс жариялайды:

  • қазақ тілінде оқытатын мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі( декерттік демалыстағы тәрбиеші орнына уақытша мерзімге) -1 жүктеме;
  • әлеуметтік педагог (декреттік демалыстағы әлеуметтік педагог орнына уақытша мерзімге)- 1 жүктеме;
  • мектеп психологы (тұрақты мерзімге)- 1 жүктеме.

Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пацаев көшесі 2Г. Эл.поштасы: badam-sh1@mail.ru

Телефон нөмері: 8-713-42-72046, 8-713-42-72051

Конкурс талаптары бойынша сілтемеге өтіңіз: http:// badam-sh1.edu.kz

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06 қыркүйек-14 қыркүйек 2023 жыл(хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).

 Құжаттарды қабылдайтын орын: «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы»КММ  І-қабат қабылдау бөлмесі

Негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және уақытша бос лауазымның атауы:

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (14.04.2023ж №100 бұйрығы толықтырулар мен өзгерістермен) бекітілген  Педагог лауазымдарының  үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64, 66 тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды (ескеру)

Еңбек ақы мөлшері:

  • қазақ тілінде оқытатын мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі-180 (бір жүз сексен мың) теңге;
  • әлеуметтік педагог – 170 (бір жүз жетпіс мың) теңге;
  • мектеп психологы -170 (бір жүз жетпіс мың) теңге.

Конкурсқа қатысушылар  хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Cертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

Қосымша ақпарат көздері