«Сенім телефонының» жұмысы туралы

Бадамша мектеп-балабақшасында жұмыс күндері күн сайын 72-0-61 сенім телефоны жұмыс істейді. Мектеп психологы К. М. Сарманова «Сенім телефоны» және «Сенім поштасы» жұмысы бойынша жауапты тұлға болып тағайындалды.

Мектеп ғимаратында психологтың бұрышы бар, онда оқушылар мен ата-аналарға арналған кеңестер мен ұсынымдар, мектептің, РҚБ-ның, ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің сенім телефондарының нөмірлері, кәмелетке толмағандарға қатыгездік пен зорлық-зомбылық кезінде жүгінуге болатын орындар туралы ақпарат орналастырылған. «Сенім поштасы» жәшігі жабдықталған.

Жыл бойы жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында сенім телефонының жұмысы туралы хабардар етіледі, ата-аналар сенім телефонының нөмірімен танысады, оқушылар сынып сағаттарында танысады, ай сайын дөңгелек үстелдер, оқушылармен сабақтар өткізу кезінде, педагогикалық ұжымның жиналысында сенім телефондарымен танысу жүргізіледі. Сондай-ақ, мектептің барлық сыныптарында ватсап әлеуметтік желісінде топтар құрылды, оқушылар мен ата-аналарға  мектептің Инстаграмы бар. сенім телефонының жұмысы туралы хабарлардыру  жіберіледі.

Қосымша ақпарат көздері