21 қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026–2027 оқу жылындағы Мектеп Парламентінің алғашқы отырысы өтті.
Отырыс барысында Мектеп Парламентінің қазіргі құрамын тағы бір мерзімге, яғни 2026–2027 оқу жылына қалдыру туралы шешім бірауыздан қабылданды. Мектеп Парламентінің Президенті Нечаев Артур қазіргі құраммен бірге өз қызметін жаңа оқу жылында да жалғастыратын болды.
Мектеп Парламентінің құрамына жаңа Психологиялық қызмет фракциясы қосылды.
Отырыс барысында алдағы оқу жылына арналған Мектеп Парламентінің негізгі мақсаттары мен міндеттері талқыланып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Ұстаздар күніне арналған іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды.
Алғашқы отырыс іскерлік және сындарлы жағдайда өтіп, қатысушылар жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен жұмыс жоспарларын белгіледі.
