Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебіміздің ұжымы сенбілікке шықты. ?
Іс-шара барысында мектеп аумағы мен оған іргелес территориялар тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ұстаздар мен мектеп қызметкерлері бірлесе отырып, ағаштар, қарақат бұталары және басқа да өсімдіктер отырғызды. ??
Осындай игі шаралар мектеп аумағын таза, көрікті әрі жайлы етуге, табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
? Тазалық – әрқайсымыздан басталады!
