«Тіл – ұлттың рухани қазынасы» атты іс-шара өткізілді

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай білім алушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, тілдің ұлттың рухани құндылығы ретіндегі маңызын насихаттау мақсатында «Тіл – ұлттың рухани қазынасы» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында аудандық кітапхана өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, білім алушыларға қазақ тілінің тарихы, оның ұлттық мәдениет пен руханияттағы орны туралы мағлұмат берілді. Кездесу барысында кітап оқудың маңыздылығы мен ана тілін құрметтеуге ерекше назар аударылды.

Қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалымы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері мен қазақ тіл біліміне қосқан үлесі таныстырылып, білім алушылар оның рухани мұрасымен кеңірек танысты.

Іс-шара білім алушылардың ана тіліне деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Қосымша ақпарат көздері