Мектепте профилактикалық рейд өткізілді

2 қыркүйек күні «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы, «Заң және тәртіп» бағыты аясында, сондай-ақ оқушылардың суық қару және үшкір-кескіш заттарды алып жүруінің алдын алу мақсатында профилактикалық рейд өткізілді.

Рейдті мектеп әкімшілігі, медицина қызметкері, мектеп кітапханашысы және тәлімгер бірлесе өткізді.

Рейд барысында төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылды:
? мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуы;
? оқушылардың сыртқы келбеті мен ұқыптылығы;
? оқулықтардың жағдайы және олардың мұқабамен қапталуы;
? қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.

Осындай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың жауапкершілігін, тәртібін, мәдениетін қалыптастыруға және мектеп мүлкіне ұқыпты қарауына ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері