2026 жылғы 6 қазан күні Ұстаздар мерекесіне орай мектебіміздің бірқатар педагогтері білім беру саласына қосқан елеулі үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін жоғары марапаттарға ие болды:
-ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғысымен – Хорольская Алла Борисовна;
— Ақтөбе облысының білім басқармасының Алғыс хатымен – Шибаев Айдын Сейткалиевич;
— Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен – Алмагамбетов Абылай Сабыржанович және Ерёмина Тамара Владимировна;
-Қарғалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен – Мухамеджанова Гулназ Нурлановна.



