Шығармашылық шеберханалардың қорытынды отырыстары өтті

2026 жылы 29 сәуір күні аудандық шығармашылық шеберханалардың қорытынды отырыстары жоғары деңгейде өткізілді. Отырыс барысында педагогтер өз бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдіс-тәсілдерді практика жүзінде көрсетті.

Қорытынды отырыста:

-дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Курманбаев Ж.К. «Лёгкая атлетика как один из элементов здоровьесберегающих технологии в школе» тақырыбында жеңіл атлетиканың оқушылар денсаулығын нығайтудағы рөлі мен тиімді тәсілдерін ұсынды;                                                  -бастауыш сынып мұғалімі Тлеубаева Ж.Б. «Современные стратегии применения парной и групповой работы в образовательном процессе начальной школы» тақырыбында жұптық және топтық жұмыстың заманауи стратегияларын таныстырып, қатысушылармен тәжірибе алмасты;                                                                                                                                         -мектепалды сынып педагогі Калмагамбетова А.А. «Ойын әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыту» тақырыбында ойын технологиялары арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсетті;                                                                                                                                                       -қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухамеджанова Г.Н. «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық стратегияларды меңгерту арқылы креативті білім беру ортасын құру» тақырыбында инновациялық оқыту тәсілдері негізінде креативті білім беру ортасын қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті.                                                    Қорытынды отырыс педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, шығармашылық ізденіс пен ынтымақтастық алаңына айналды.

Қосымша ақпарат көздері