2026 жыл 13 наурыз күні «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларға ұлттық құндылықты игерту арқылы оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы облыстық шеберхананың ІІІ ОТЫРЫСЫ өтті. Облыстық шеберхана жетекшісі, Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының мұғалімі, Ж.Б.Базарбаева мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдарын көрсетсе, шеберхана мүшелері, Ақтөбе қаласындағы №42 орта мектеп мұғалімі К.У. Утепбергенова «Оқу сауаттылығы: «Білім берудегі сыни ойлау және графикалық ақпаратты талдау қабілеттерін дамыту» және Хромтау ауданы, Нұрлы-көш орта мектебінің мұғалімі, М.К.Коразбекова «Тіл дамытуда функционалдық сауаттылыққа үйрету арқылы ұлттық құндылықтарын дәріптеу” тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.
Білімнің шамын жағып, ойдың көкжиегін кеңейтетін тағылымды басқосуда әр қатысушы өзіне керекті іздеген дүниесін тауып, алғыстарын білдірді.
Облыстық шығармашылық шеберхананың III отырысы өтті
