2026 жыл 27 ақпан күні Жас педагогтер мектебі шеңберінде жас мамандарға арналған аудандық семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинар-практикумда Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының тәжірибелі ұстаздары, Уразбике Енсеповна Касимова мен Жанаргуль Бахыткалиевна Базарбаева ашық сабақ өткізді. Шебер-класс түрінде Жанаргуль Бахыткалиевна оқушыларды олимпиада, жоба байқауларына дайындау жолдарымен бөлісіп, жеңімпаз оқушыларының жұмыстарын көрсетті. Уразбике Енсеповна сингапурлық әдіс түрлерін ұсынып, практикадағы озық тәжірибелерімен бөлісті.


