«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы, «Заң және тәртіп» акциясы және әділет пен жауапкершілік айлығы аясында КММ «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» базасында көрсетілім іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Қарғалы ауданының аға прокуроры Кургамбеков О.Т., Қарғалы ПБ бастығының орынбасары Кужашев А.М., аға лейтенанты Молдагереев А.А., полицияның аға лейтенанты Абаев А.К., сондай-ақ облыстық Жас жол инспекторлары байқауының қатысушылары — 7 «А» сынып оқушылары қатысты.
?♂️ Оқушылар келесі бағыттар бойынша шеберліктерін көрсетті:
? саптық ән,
? велосипедпен жүру,
? алғашқы медициналық көмек көрсету,
? жол қозғалысы ережелері бойынша баяндама.
?? Көрермендер қатарында 1–4 сынып оқушылары болды.
? Іс-шара соңында, аға лейтенанты Абаев А.К. сөз сөйлеп, жол ережелерін сақтау маңыздылығы туралы танымдық әңгіме жүргізді.
? Іс-шара өте әсерлі, мазмұнды өтіп, оқушыларға мол әсер мен пайдалы ақпарат сыйлады. @oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
