Республика күні

Ағымдағы жылдың 22 қазан күні «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында» Республика күніне орай 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау бойынша салтанатты рәсім өткізілді.
Мақсаты:
Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, белсенді өмірлік ұстанымды дамыту және Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысы:
5-сынып оқушылары «Жас ұлан» антын салтанатты түрде қабылдады;

Ұйым мүшесі екенін растайтын сертификаттар табысталды;
Отан туралы патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.
Оқушыларға ақ жол тілеп, құттықтау сөз мектеп директоры Р.К. Шаметоваға берілді. Ол балаларды маңызды сәтпен құттықтап, адал, белсенді, Отанын сүйетін азамат болуға шақырды.
Іс-шара аясында «Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым» атты еңбек ардагерлерімен кездесу өтті.
Қонақтар қатарында:
Нуркаева Қарлығаш Искендірқызы
Короткова Светлана Викторовна

Ардагер ұстаздар өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, адал еңбек, Отанға деген сүйіспеншілік, білімнің маңызы туралы ойларымен бөлісті. Олардың сөздері оқушылар үшін үлкен тәлім-тәрбие сабағы болды.
«Жас ұлан» қатарына қабылдану — оқушылардың өміріндегі маңызды қадам болып, олардың елдің болашағына бей-жай қарамайтын, жауапты әрі белсенді жас буын ретінде қалыптасуға дайын екенін көрсетті #RepublicDay

Қосымша ақпарат көздері