10 қазан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Шабыт» жобасы аясында 2–4-сынып оқушылары арасында «Ханзада мен Ханшайым – 2025» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, өзіне деген сенімділігін дамыту, сондай-ақ коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Байқау барысында оқушылар қиялдарын, актерлік шеберліктерін көрсете білді. Қатысушылар түрлі шығармашылық тапсырмаларға қатысып, жарқын күзгі образдар дайындады.

Байқау жылы, достық атмосферада өтті. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, көрермендер жағымды әсер мен шабыт алды.

Іс-шара нағыз күз мерекесіне, шығармашылық пен бала қуанышының мерекесіне айналды! @oqu_agartu_ministrligi

Қосымша ақпарат көздері