«Адал азамат» тәрбие жұмысы, «Дос болайық» акциясы және мектептің өзін-өзі басқару ұйымы аясында мектеп президенті Нечаев Артур түзету кабинеті психологы — Дорогокупля Дина Викторовнамен подкаст өткізді.
🎙 Подкаст тақырыбы — мектептегі буллинг пен қудалау. Бұл — жасөспірімдер арасында аса өзекті және маңызды мәселелердің бірі.
🧠 Әңгіме барысында буллингтің белгілері, түрлері, қиын жағдайға тап болғандарға қалай көмектесу керек екені талқыланды. Психолог буллингтің алдын алу және мектепте қауіпсіз орта қалыптастыруға байланысты пайдалы кеңестер берді.
🤝 Бұл подкаст мектепте өзара құрмет, қолдау және сенімділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
