«Қаржы сақшысы»

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-де 21 қаңтар күні «Заң және тәртіп» құндылығы аясында, «Жасөспірім және заң» атты облыстық профилактикалық онкүндік шеңберінде «Қаржы сақшысы» атты қаржылық қауіпсіздікке арналған компьютерлік ойын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтың алдын алу, жеке деректерді қорғау және ақша қаражатын тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру. Ойын барысында қатысушылар түрлі жағдаяттар арқылы қаржылық қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды.

Аталған іс-шараға мектеп парламентінің «Ақпарат» фракциясы мен «Құқық және тәртіп» фракциясының мүшелері белсенді қатысып, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты.

Қосымша ақпарат көздері