2026 жыл 06 қаңтар күні аудандық шеберхана отырыстары өткізілді. Бастауыш сынып бойынша Жанар Бакиткереевна Тлеубаева «Современные стратегии применения парной и групповой работы в образовательном процессе начальной школы» атты аудандық шеберхана отырысында 1-4 сынып оқушыларын сабаққа қызықтыру, ақпаратты есте сақтау үшін қолданылатын әдістерімен бөлісті.


Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі, Айгерим Амангалиевна Калмагамбетова “Ойын әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыту” атты аудандық шеберхананың екінші отырысында балалармен сабақта қолданылатын ойын түрлерін көрсетіп, өз іс-тәжірбиесімен бөлісті.


Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Гулназ Нурлановна Мухамеджанова «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық стратегияларды меңгерту арқылы креативті білім беру ортасын құру» атты аудан көлеміндегі шығармашылық шеберхананың екінші отырысын онлайн өткізді.


Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Жубаныш Куанышович Курманбаев “Легкая атлетика как один из элементов здоровьесберегающих технологий” тақырыбындағы аудандық шеберхананың екінші отырысында сабақ барысында қолданылатын жаттығулар түрлері көрсетіліп, 2-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстарына дене шынықтыру пәні бойынша оқушы дайындау әдістері көрсетілді.


