2025 жыл 29 қазан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті кызметкері” төсбелгісімен Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы, Бұлбұл Күзембаева құттықтау сөзін арнап, 12 педагогті салтанатты түрде марапаттады. Өңіріміздің білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан, кәсіби біліктілігімен, жаңашыл көзқарасымен және
жоғары сапалы оқытуымен ерекшеленген ұстаз, Уразбике Енсеповнаны шын жүректен құттықтаймыз!Маңдай термен жеткен жетістігіңіз жас ұрпаққа үлгі болып, асар асуларыңыз көп болсын!




