2025 жылдың 15 мамырында оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-де жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: отбасы мен мектептің біртұтас тәрбие жүйесі ретінде өзара әрекеттестігін нығайту, балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:
1. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
2. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі
3. Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі
4. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы
