«Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе!» атты әдеби-сазды кеш өтті

2025 жылдың 14 наурызы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Б.Базарбаева 7-11 кластар аралығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе!» атты әдеби-сазды кеш өткізді.Мақсаты:ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Шара барысында ақынның шығармалары жан-жақты қырыннан қарастылды.Көрермендердің назарына Абайдың лирикалық өлеңдері оқылып, «Ескендір» поэмасынан ,мысалдардан,қара сөздерден, А.С.Пушкинның «Евгений Онегин»романынан Татьяна мен Онегинның хаттары қойылым түрінде жеткізілді.
14 марта 2025 года в рамках декады казахского языка и литературы учителем Базарбаевой Ж.Б. был проведен литературно-музыкальный вечер среди учащихся 7-11 кл.,посвященный 180-летию великого казахского поэта Абая Кунанбаева.
#оқуғақұштармектеп
#балаларкітапханасы

Қосымша ақпарат көздері