2025 жыл 26 ақпан күні Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев “Ауыл мектептерінің 9-11 класс оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада” және “2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсы” бойынша облыс, республика көлемінде жүлделі орын алған мектебіміздің оқушыларын:
-Баян Сибагатова;
-Альбина Досмагамбетова;
-Айша Дуйсенова;
-Алибек Казмагамбетов;
-Ева Юсупова;
-Артем Мишенин;
-Артур Нечаев ;
-Ульяна Куксаны Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Үлкен жетістікке жетелеген жетекшілерін:
-Светлана Викторовна Короткова;
-Мария Хаджимураткызы Утешева;
-Алла Борисовна Хорольская;
-Жанаргуль Бахыткалиевна Базарбаева;
-Оксана Олеговна Абдуллина;
-Олжас Амангельдыевич Габдулкадировті салтанатты түрде Алғыс хатпен марапаттап, ақшалай сыйақы табыстады. Дарындылықтың, еңбекқорлыктың үлгісін паш етіп, ауданымыз бен мектебіміздің абыройын асқақтата білгені үшін оқушыларымыз бен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!








