«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ
«Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы»КММ
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-не педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №343 бірлескен бұйрығы негізінде мектептегі бос және (немесе) уақытша бос лауазымына КОНКУРС жариялаймыз!
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі(өзге ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті) -0,5 жүктеме;
- Информатика пәнінің мұғалімі (қазақ және орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін)-1 жүктеме;
- Психолог -1 жүктеме (қазақ және орыс тілдерінде)
- Бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін)-1 жүктеме;
- Әлеуметтік педагог (қазақ және орыс тілдерінде)-0,5 жүктеме;
- Интернат тәрбиешісі-0,5 жүктеме;
- Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі (декреттік демалыстағы тәрбиеші орнына)-1 жүктеме.
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пацаев көшесі 2Г. Эл.поштасы: badam-sh1@mail.ru
Телефон нөмері: 8-713-42-72046, 8-713-42-72051
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22-30 тамыз 2024 жыл (хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (14.04.2023ж №100 бұйрығы толықтырулар мен өзгерістермен) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64, 66 тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру қажет.
Мектептегі педагогтің бос лауазымы туралы ақпарат жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» электрондық еңбек биржасы сайтында, мектептің http:// badam-sh1.edu.kz ресми сайтында, «Педагогті жұмысқа қабылдау»-https://hr-nobd.edu.kz/ модульде, мектептің инстаграм «school_1_badamsha» парақшасында жарияланды.
Конкурсқа қатысушылар хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Cертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.