«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ
«Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы»КММ
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-не педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №259 бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз.
- Қазақ тілінде оқытатын бастауш сыныбының мұғалімі -1 жүктеме;
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі(өзге ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті) -1 жүктеме;
- Информатика пәнінің мұғалімі (қазақ және орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін)-0,5 жүктеме;
- Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі -1,5 жүктеме (декреттік демалыстағы мұғалім орнына)
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пацаев көшесі 2Г. Эл.поштасы: badam-sh1@mail.ru
Телефон нөмері: 8-713-42-72046, 8-713-42-72051
Конкурс талаптары бойынша мектеп сайтының сілтемесіне өтіңіз: http:// badam-sh1.edu.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09-19 тамыз 2024 жыл (хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Құжаттарды қабылдайтын орын: «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы»КММ І-қабат қабылдау бөлмесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (14.04.2023ж №100 бұйрығы толықтырулар мен өзгерістермен) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64, 66 тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру қажет.
Конкурсқа қатысушылар хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Cертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.