Жазғы мектеп аясында мектептің өзін-өзі басқаруы жас педагогтармен бірлесе отырып, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты арттыру мақсатында Туған жері бойынша Экодесант ұйымдастырды. Оқушылар Қасқыр сарқырамасына барып, табиғатта демалып, туған өлкесінің сұлулығына тәнті болды.