ЕСЕБІ

«Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ- нің 2023-2024 оқу жылында мектеп психологінің жылдық жұмысы  бойынша жүргізілген  талдау

ЕСЕБІ:

Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты:

-Білім алушының жас ерекшелігіне қарай оқыту, тәрбиелеу және рухани адамгершілік дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, психологиялық денсаулығын қамтамассыз ету.

-Жалпы мақсаттар мен ұстанымдар: мектеп жоспарлары және оларды іске асыру бағдарламалары, қызмет нәтижелерін талдау негізінде педагогтар ұжымымен жіне ата-аналармен өзара байланыс, ынтымақтастық қамтамассыз ету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

-Білім алушының жас жіне жеке психологиялық мүмкіндіктерінің дамуына қолайлы жағдай туғызу.

— оқу және дамуында қиындық сезінетін оқушыларға психологиялық педагогикалық көмек ұйымдастыру.

-Әр білім алушының әлеуметтік өмірге барынша бейімделген үйлесімді тұлғаны қалыптастыру.

— білім алушының зияткерлік дамуын қамтамассыз ететін барлық психикалық үрдістердің дамуына ықпал ету.

— Білім алушының жалпы психикалық , әлеуметтік және психологиялық дамуын бақылау.

Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында 1-ші жарты жылдық бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізіліп жүзеге асырылды.

Қыркүйек айынан бастап Мектепке жаңадан келген оқушылардың тізімі жасалынды, олардың мектепке, жаңа ортаға бейімделуі бақыланды.

Мектепте жаңа оқу жылында мұғалімдердің психоэмоционалдық күйлері бақыланды.

Сынып жетекшілердің сұранысы бойынша оқушылармен жеке кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Сынып жетекшілерімен әлеуметтік жағдайы төмен және қиын жағдайға тап болған отбасында тәрбиеленуші оқушыларды анықтау мақсатында сұраныс тастау, анықтау және әңгіме жүргізу жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілеріне психолог көмегін қажет ететін отбасылар мен оқушылар анықталған жағдайда сынып жетекшісі не істеу керек екендігі айтылды. Жалпы ата-аналар жиналысында психологтың жылдық жұмысымен таныстырылып, ата-аналарға тренинг жүргізілді.

«Психолог бұрышы» стенді пайдалы ақпаратпен толтырылды.

Сенім телефоны,  сенім жәшігі жұмысымен оқушылар ақпараттандырылды. Сенім» телефондары жарнамаланып, көрнеу жерлерге ілінді.

1-ші сынып оқушыларына Керн Иерасек әдістемесі, «Менің класым» жобалау тесттері,     Г. Кумаринанің проективті әдістемесі жүргізілді. Әдістеме мақсаты: Оқушылардың бейімделуін анықтау. Оқушылардың бейімделуі бір қалыпты, шеттетілген оқушы жоқ.

Профилактикалық алдын-алу бақыты бойынша: «Отбасы- ол бүкіл әлем» ҚР отбасы күніне арналған бейнебаян әлеуметтік желіге таратылды.

Психикалық денсаулық дегеніміз не? Психикалық денсаулық күніне арнап әлеуметтік желіге бейнебаян таратылды.

Буллинг, Кибербуллингтің алдын-алу үшін оұушылар мен ата-аналардың назарына әлеуметтік желіге бейнебаян таратылды.

7 «А» класс оқушыларына «Буллингтің алдын – алу» бойнша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Бақыт құпиясы» акциясы аясында 2 «А» класс оқушыларына  «Бақыт құпиясы неде?» деген тақырыпта сурет салу ұсынылды. оқушыларға тренинг жүргізіліп, түсінік берілді.

Түзету дамыту жұмыстары бойынша: «Үй тапсырмасын орындауда балаға қалай көмек беремін?» жадынамасы 1- ші класс жетекшілердің ватсап желілеріне жіберілді. Өз класс оқушыларының ата-аналарын жіберу тапсырылды.

5 «А», 5 «Б» класс оқушыларына «Менің сыныбым» тесті жүргізілді. Мақсаты: бейвербалды интеллектті өлшеу.

Қазан айының 2- ші аптасында 5-ші  кластарға орта буынға бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсету жұмыстары аясында психодиагностика бағыты бойынша Н.Г.Лусканов сауалнамасы жүргізілді. Сауалнама мақсаты: оқушылардың оқу мотивациясы деңгейін бағалау. Оқушылардың класс ішіндегі орнын анықтау үшін Л.П.Пономаренконың «Менің класым», «Ағаш» тесті алынды. 8-11 класс оқушыларына Стресс, депрессия , мазасыздық деңгейін анықтауға ДАСС сауалнамасы, Зунге сауалнамасы  алынды. Жүргізілген жұмыстар  нәтижесі сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне және ата-аналарға сұраныс бойынша  таныстырылды.

Профилактикалық алдын алу бағыты бойыншы қыздар арасында «Жыныстық қолсұлмаушылық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: ерте жүкіліктің алдын алу (7-11 класс қыздарымен ). Суицид алды мінез-құлықтың белгілері» тақырыбында мұғалімдер чатына жадынама таратылды. Қазан айында ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен ата-аналарға «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі» «Отбасым- тал бесігім» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста ата-аналарға тренинг жүргізілді, бейнеролик көрсетілді, сауалнама толтырылды.

Түзету- дамыту жұмысы бойынша: 35 балаға психологиялық көмек көрсетіліп, жұмыстар жүргізілді. Сабақтан  себепсіз қалған оқушылармен әңгіме жұмыстары жүргізіліп, бақылауда болды.

Білім беру мекемесінде оқушыларды психологиялық сүйемелдеуге ата-аналар келісімі жөнінде анықтама алынды. «1 класс оқушыларының ата-аналарына ұсыныстар» жадынамалар таратылды.

Әлеуметтік желіге : «Өмірге оң көзқарас қалыптастыру», «Буллинг, Кибербуллинг» алдын алу мақсатында бейнебаян таратылды.

2 «А» класс оқушыларына «Менің отбасым» және «Кім жылдам» психологиялық ойындары жүргізілді. Мақсаты: есте сақтау және қабылдауларын зерттеуге бағытталған.

Кеңес беру бағыты бойынша: әкімшілік сұранысы бойынша  мектеп ішілік тізімде тұрған 3 оқушымен жеке жұмыстар жүргізіліп, кеңес берілді.  3 айға жоспар құрылып , жоспар бойынша жұмыс жүргізу бекітілді.

Класс жетекшінің ұсынысымен 2 оқушы жеке кеңес беруге алынды.

 Жағдайы төмен және ерекше назарда ұстауды қажет оқушылардың үйлерін мектеп әкімшілігімен бірігіп араланды.

Қазан айында мектеп оқушыларының арасынан ешқандай мінез-құлқында ауытқушылықтар байқалмады.

Қараша айы – Психодиагностика бағыты бойынша  Класс жетекшілермен бірге бақылау картасы жасалып  Стот әдістемесі (ЕНТБ) моб.топқа бақылау 9 А, 9 Б класс оқушылары арасында жүргізілді. Мақсаты: Әлеуметтік ортаға бейімделмеу көрсеткішін анықтау.  Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге бағытталған Социометрия әдістемесі 5-11 кластардан алынды. «Кеттел» әдістемесі жүргізілді.әдәстеме барысында дарынды балаларымыз анықталды. 9 сынып оқушылары бойынша  —  42оқушыдан сауалнама алынды. Олардың ішінде 11 оқушы — интеллектуалдық, 20оқушы- спорттық, 11оқушы- шығармашылық.

Профилактикалық алдын-алу бағыты бойынша «Ерте жүктілік және оның салдары» тақырыбында 7-11 сынып қыздарына дәріс өткізілді.  Мақсаты : ерте жүктіліктің алдын-алу. Педагогтардан «Сіз эмоцияңызды басқара білесіз бе?» сауалнама алынды (34- ұстаз қатысты). «Халықаралық  зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында 7 сынып оқушылыры арасында бимбилдинг ұйымдастырылды. 2 «А» сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.Мақсаты: балаларға қатысты зорлық –зомбылықтың алдын-алу. Олардың түрлерімен таныстыру және ата-аналарға тренинг жүргізілді. Сол тренинг арқылы ата-аналар балалардың жағдайын түсінуіне мүмкіндік беру.

 «Қауіпсіз интернет» жадынамалар таратылды.

Түзету дамыту жұмысы бойынша

8 «А» сынып оқушыларына оқу мотивациясын анықтауға арналған «Ромашка» әдісі сурет салу ұсынылды.

Мақсаты: салынған суреттер арқылы оқушылардың оқу мотивациясын, ұстаздармен  қарым-қатынастарын анықтау.

8 «Б» класына «Мұнара» жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың ситуациялық жағдайлардан шығу мүмкіндігін бағалау және жағымды эмоциялық қарым-қатынасты нығайту

Қараша  айында мектеп оқушыларының арасынан ешқандай мінез-құлқында ауытқушылық болған жоқ.

Кеңес беру бағыты бойынша – мектеп әкімшілігінің ұсынысымен мектеп ішілік тізімге алынған 2 оқушымен психологиялық жұмыстар жүргізілу ұсынылды. 2 оқушыға арнайы 3 айға жоспар құрылып , бекітілді. Жоспар бойынша балаларға жұмыстар жүргізіліп, кеңес берілді.

Желтоқсан айы – Климов әдістемесі 9 кластарға жүргізілді. Мақсаты: кәсіби бағдарды анықтау.  Шыққан нәтижелермен оқушыларға таныстырылды.  

Профилактикалық алдын-алу бойынша-«Баламның психикалық денсаулығын қалай күтемін» тақырыбында 5 «А», 5 «Б» 5 «В» сынып оқушыларының ата-аналарына жадынамалар таратылды. 9-11 Сынып оқушылары арасында аудандық емхана гинекологімен бірігіп Жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Ерекше білім алушы оқушылардың ата-аналарымен «Өзін-өзі басқару» тақырыбында бейнеролик ұсынылды.

Ағартушылық бағыты  бойынша . 11 сынып оқушыларынан « Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тренинг жүргізілілді. Мақсаты: Мектеп бітірушілерді мамандық таңдауға бағыттау, ол таңдаған мамандығының халыққа тигізер пайдасы туралы ойларын айту.

Кеңес беру бойынша : класс жетекшінің сұранысы  және мектеп әкімшілігінің сұранысы бойынша 6 баламен жеке кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан  айында мектеп оқушыларының арасынан ешқандай мінез-құлқында ауытқушылықтар байқалмады.

Қантар айы Профилактикалық  алдын-алу және  ағартушылық бойынша «Жеткіншек жастағы қиындыктар» вебинар,  Девиантты мінез-құлыктын алдын алу мақсатында 5-7 сынып оқушыларымен «Сен агрессиянды қалай женесің»тренинг,  Аутодеструктивті мінез-кулықтын алдын алу үшін 8-11 сынып оқушыларына «Қиын жағдайлардан не үйренеміз»психологиялық сабақ жүргізілді.

Ақпан айы-Кәсіби бағдар бойынша 8-11 сынып оқушыларына психологиялық акция «Әлеуметтік сауалнама» жүргізілді. Жасөспірімдердің мықты жақтары мен қиындықтарын анықтау мақсатында Р. Гудман сауалнамасы жүргізілді. Аутодеструктивті мінез-кулықтын алдын алу мақсатында «Менің құқықтарым»психологиялық сабақ ұйымдастырылды.

Наурыз айында-Ерте жүктіліктің,зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 7-11 сынып оқушыларымен «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»тренинг өткізілді.

Буллинг,кибербуллинг, девиантты мінез-құлықтың алдын алу үшін  6-11сынып оқушылары арасында сауалнамалар жүргізіліп, «Қоғамдағы жасөспірім»тренинг ұйымдастырылды.

Сәуір айында- Жасөспірімдер және бүлдіршіндер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 7-11 сынып оқушыларымен сауалнама жүргізіліп, 1-4 сынып оқушылары үшін «Бөгде адамдармен өзінді қалай ұстау керек»психологиялық сабақ жүргізілді. Аутодеструктивті мінез-кулықтын алдын алу үшін «Толеранттылық деген не?» деген тақырыпта психологиялық сабақ жүргізілді.

Мамыр айында -Жасерекшелік психологиясы «Бала құқығы » тақырыбында ата-аналармен семинар ұйымдастырылды. Аутодеструктивті мінез-құлықтын алдын алу мақсатында 9-11 сынып оқушылары үшін «Мен өзімді мактай аламын» атты психологиялық сабақ ұйымдастырылды.

Түзету дамыту жұмысы бойынша оқу жылының 2-жарты жылдығында

 7«Б» сынып оқушыларына «Мы против буллинга» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылар арасында жағымды эмоциялық жағдай туғызу, кикілжіңге жол бермеу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық процесстері дамыту мақсатында 1-4 сынып оқушыларымен тузету дамыту сабақтары ұйымдастырылды.

Психологиялық қызметінің статистикасы:
№  Оқу жылыЖұмыс бағыттары
Кеңес беру бойыншаДиагностика жұмысыТүзету-дамыту жұмысы  Тәрбие жұмысы, профилактикалық алдын-алу бойыншаӘдістемелік жұмыс
12023-20241145 Топ -36 Жеке -939 Топ -37 Жеке -268 Ата-анасы – 28 Оқушылар — 38 Консилиум- 2  18 Семинарлар-9 Пед.кеңес -4 МО, отырыстар-5
Барлық атқарылған жұмыстарды саралай келе, психологиялық қызметтің оқушымен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналар қауымымен жұмыс жасаудағы барлық іс-шаралары оқу жылына арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес және барлық бағыттар бойынша жүзеге асырылуда деп қорытынды жасауға болады. .
Келесі оқу жылында оқушыларды оқуға және түрлі іс-шараларға қатысуға ынталандыруға, түзету-дамыту жұмыстарының бағдарламаларын түзетуге және  облыстық ғылыми-тәжіребелік орталығының әдіскерімен бірлесе отырып, әріптестермен жұмыс жоспарының тиімділігін талдауға баса назар аудару қажет.
 
2024-2025оқу жылына арналған міндеттер:
 - білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту;
- оқушыларға табысты әлеуметтену үшін қажетті психологиялық білімдерді, дағдылар мен дағдыларды меңгеруге көмектесу;
 - жаңадан қабылданған оқушылармен бейімдеу жұмыстарын жүргізу;
- балалардың тұлғалық дамуындағы мүмкін болатын қиындықтарды уақтылы анықтау және алдын алу (оқу үрдісін сүйемелдеу – диагностикалық минимум, түзету-дамыту жұмыстары, кеңес беру);
 - ұжымда психологиялық климат құру және қолдау, педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамыту;
 - ата-ананың құзыреттілік деңгейін арттыру, баланың дамуына оңтайлы жағдай жасауда ата-ананың рөлін белсендіру.
Өткізілген уақытыТақырыбыСілтемесі
19.10.2023ж«Ғаламтор қауіпсіздігі» ата-аналар мен оқушыларға жадынамаhttps://www.instagram.com/p/CylIXb6InOp/?igsh=MTQ0ajY0a3IzN2NvbQ==  
20.10.2023ж«Жыныстық қол сұғылмаушылық» және «Ерте жүктіліктің алдын алу» дөңгелек үстелhttps://www.instagram.com/p/Cyn5qOoILSE/?igsh=M2R6ZmQ1eWw0c3k4  
07.11.2023ж«ҰБТ-ге дайындық кезіндегі, психологиялық көмек»https://www.instagram.com/p/CzWNr9yIHgB/?igsh=cnh6MDdmNHR5a2t1  
02.11.2023ж«Әке жауапты лауазым» тренингhttps://www.instagram.com/reel/CzJMNEeoMOu/?igsh=cDF5czFiaW51ZG1u  
03.11.2023ж«Отбасы-бақыт бесігі»,»Ата-ана өмірінің басты мақсаты -бақытты адам  тәрбиелеу» тренингhttps://www.instagram.com/reel/CzLvSf3IRMz/?igsh=MWwzbHM5cHM4NDc1aA==  
08.11.2023ж«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»https://www.instagram.com/reel/CzZHIbmoTd7/?igsh=bmh3eWUwcGhtamE0  
13.11.2023ж«Позитивті ата-ана: тыңдау,есту » тренингhttps://www.instagram.com/reel/CznOhgso0pO/?igsh=MWJjZHptc3NhempuNA==  
15.11.2023ж«Зиянды заттар»https://www.instagram.com/p/CzqjSZEot_V/?igsh=NDdxb2UyYmNqZ2sz  
20.11.2023ж«Отбасы-бақыт бесігі»https://www.instagram.com/reel/Cz5Pt6xoE9W/?igsh=MW93b2c2dGVrYnA1Mg==  
21.11.2023жБаланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алуhttps://www.instagram.com/reel/Cz8GKTBou2l/?igsh=a3JlczlqcWtycG90  
08.12.2023ж«Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылық»https://www.instagram.com/reel/C0mPr4VIoU0/?igsh=bmIxNzE2NGEwdHhm  
14.12.2023ж«Көңілді үзіліс»https://www.instagram.com/reel/C01-ZxSISIu/?igsh=MW1qNXdsa2FkdmZnYQ==    
15.12.2023ж«Тұлғаның ақпараттық-психологиялық қауіпсіздігі»  https://www.instagram.com/p/C03rwAFICjX/?igsh=cnU1bnV4NDd0YXhy  
22.12.2023ж» Половая неприкосновенность,ранняя беременность »  https://www.instagram.com/reel/C1JwwhOova0/?igsh=MWxxM2RyeGhha254ag==  
05.01.2024ж«Бала тәрбиесіндегі ата- ана рөлі» тақырыбында жаңа форматта ата-аналармен  тренингhttps://www.instagram.com/reel/C1tomEvIMEp/?igsh=MWN1bDV1aTI4YXh3bA==  
05.01.2024ж«Баламен бірге кітап оқимыз» тренингhttps://www.instagram.com/p/C1txFguoqz3/?igsh=dmV0N3UyZmM4emxr  
05.01.2024ж«Жас педагогтер мектебі»https://www.instagram.com/reel/C1u99XqrFXj/?igsh=ank0aGhuM2JpNWph  
09.01.2024ж«Біз біргеміз»https://www.instagram.com/p/C14IEheo4MY/?igsh=c3N0Z3RpeGFwOGFt  
14.01.2024жПамятка для детей и подростковhttps://www.instagram.com/p/C2FZRfjIbjC/?igsh=a3lyNG9tM2Q1cGVp  
14.01.2024жБалалар мен жасөспірімдерге арналған жадынамаhttps://www.instagram.com/p/C2FZWpKoeqW/?igsh=a3R3MzFkemV1NzAx  
16.01.2024ж«Біз зорлық-зомбылық және буллингке қарсымыз» жадынамаhttps://www.instagram.com/p/C2JzZrZt_KZ/?igsh=cmxrMzJhbHN1aGdt  
23.01.2024ж«Сиқырлы сандық» акцияhttps://www.instagram.com/reel/C2cRxuWIrGQ/?igsh=MWxoN24zdjRyZ3l3aA==  
23.01.2024ж«Табыс ағашы» арт-терапия элементтерімен тренингhttps://www.instagram.com/reel/C2c_sr4ropi/?igsh=dTkwczZjeDFjdzRp  
23.01.2024ж«Секреты общения»https://www.instagram.com/reel/C2kaNEyoflm/?igsh=MW90amVxbTBya3NsYQ==  
31.01.2024ж«Қауіпсіз интернет»https://www.instagram.com/reel/C2xk6DEI3Iw/?igsh=MzR3ODZuZDUwYTl1  
02.04.2024ж«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз»https://www.instagram.com/p/C5QhiPloc95/?igsh=MXM0dnh0cDVoMnljOQ==  
29.03.2024ж“Өзіңді тереңірек тани білу-үлкен жетістік нышаны” тақырыбында арт-терапия, тренингhttps://www.instagram.com/reel/C5F5_GnIxAO/?igsh=MWw1dzRiZ3BsenpmZg==  
 Тренинг » Пойми себя»https://www.instagram.com/p/C5VxQuiosBl/?igsh=cGJqeWp1Y3c5cjY5  
  03.04.2024ж«Ерте жүктіліктің қауіп-қатері»https://www.instagram.com/p/C5TEGSfoCX4/?igsh=MXRuaDRnbmhsNWFjYQ==  
09.04.2024ж«Профилактика школьного буллинга»https://www.instagram.com/p/C5lDIguI2PV/?igsh=MTAzcGdsYmMwZTVydQ==  
29.04.2024ж«Стоп буллинг»https://www.instagram.com/p/C6WCbCcITbU/?igsh=cGthcWcxNm4xdG0z  
29.04.2024жИнформация для родителей!!!https://www.instagram.com/p/C6WFSeRo9vC/?igsh=YzZwaWpraHpkN3Ju
30.04.2024ж«Біз буллингке қарсымыз»https://www.instagram.com/p/C6ZCz0tI4bP/?igsh=ajZiczYweHpvazJo  
15.05.2024жПсихолого-педагогическая поддержка для эффективности образовательного процессаhttps://www.instagram.com/reel/C6_qRzlI669/?igsh=aWNyaDFud2d3dTZ4  
14.02.2024ж«Заңды білу-заман талабы»https://www.instagram.com/p/C3VJ2eJouTE/?igsh=YnF5aHR0cTdqN3Zi  
13.02.2024жКак выразить свое мнение»https://www.instagram.com/p/C3SRvDtoBqz/?igsh=NHR3YjV2bDM1YzNk  
  29.01.2024ж«ДОСТЫҚ ҚОЛЫ – БІРЛІККЕ ШАҚЫРАДЫ» акциясыhttps://www.instagram.com/reel/C2rnL4sIWc-/?igsh=MTRoYnV2bngzY3hzYQ==  
21.11.2023жСенім телефоны!https://www.instagram.com/p/Cz6ZsdBICAO/?igsh=ampnenpsaGZ5OWs=  
21.09.2023ж«Шаңырақ шаттығы»https://www.instagram.com/p/Cxc6GnHomY7/?igsh=MTI5Z2Fmd2VuZHBoYw==  
                                      
                            
                         Мектеп директоры:                  Шаметова  Р.К
 
 
 
 
Педагог-психолог: Тайжан А.Ж

Қосымша ақпарат көздері