Жазғы лагерь есебі

«Бадамша мектепбөбекжайбақшасы»

мектеп жанындағы «ЖАЗ.БАЛА.FEST.«

жазғы демалысты ұйымдастыру лагерінде

жүргізілген жұмыстардың қорытынды  есебі

       Жазғы демалыстың жылы күндері балалар тек демалып қана қоймай, физикалық тұрғыдан дамып,дүниетанымдары кеңейіп, жаңа оқу жылына күш жинауы тиіс. Осы мақсатта 2023 жылдың 6- маусымынан бастап ««Бадамша мектеп бөбекжай-бақшасы» КММ-де   «ЖАЗ.БАЛА.FEST» атты мектеп жанындағы жазғы  лагерь өз жұмысын бастады.
Мақсаты: 

  • Оқушылардың жазғы кезеңдегі физикалық сауығу және демалу жүйесін ұйымдастыру
  • Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.

Міндеттері: 

  • Әрбір оқушыны өз денсаулығын саналы түрде нығайтуға тарту;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту, мәдени-бұқаралық және спорттық жұмыстарға тарту; 
  • Оқушылардың тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қимыл белсенділігін арттыру; табиғатқа, ізгілікке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

                                      
    2023 жылдың 5- маусымынан бастап «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-де   «ЖАЗ.БАЛА.FEST» атты мектеп жанындағы жазғы  лагерь өз жұмысын бастады. 

Лагерге барлығы  66 оқушы  келді.

 Мектеп медбикесі   келген  оқушыларға  лагерь кезіндегі сақтық шараларын қалай сақтау керектігі туралыбаяндамалар оқылып, айтылды.
 Мектеп басшылығы және лагерь қызметкерлерінің  қатысуымен «ЖАЗ.БАЛА.FEST» лагерінің ашылуы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынды   мектеп директоры Р.К.Шаметова оқушыларды жазғы демалысқа шығуларымен құттықтап, демалыстарының көңілді, пайдалы әрі сәтті өтуіне тілек айтты.  Мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары О.А.Капанова  және Е.А.Курман  өз кезектерінде оқушыларды  жазғы демалыстың қызықты өтуіне ат салысуға шақырды. 
       Салтанатты жиын оқушылардың өнерлерін тамашалаумен және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  Есеркепов М.Д  ұйымдастыруымен өткен  флешмобпен  жалғасты.  
      Салтанатты жиыннан кейін оқушылар  екі топқа бөлініп, топ жетекшілерімен бірге әр топтың лагерь бұрышын безендіру, жеке дизайндарын шығару,топтың атауын, ұранын,белгісін, топ ережесін құрумен жалғасын тапты. Сонымен қатар оқушылар бір-бірімен танысып, өз араларында топ көшбасшыларын таңдады. 
1-топ құрамын  1-2  сынып  оқушылары құрады. Топ жетекшілері: Капанова О.А. Курман Е.А, Калмагамбетова А.А
Топтың атауы — «Апельсины».
2- топ құрамын 3-4 сынып оқушылары құрады .

Топтың атауы – «Радуги «

Топ жетекшілері: Рубцова С.С,  Калиф Б.С; Мамбетова А.М
       Әр топ жетекшісі «Өмір қауіпсіздігі» викторинасын ұйымдастырып, оқушыларды лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
      Мектеп психологы  әр топпен «Таныс болыңыз, бұл — Мен!»байқауын өткізді. Оқушылардың бір-бірімен жағымды қарым-қатынастарын құру мақсатында  танысу тренингі жүргізілді.
      Әр топтың ішкі жұмыстары аяқталғаннан кейін  мектеп кітапханашысы  оқушыларды «Кітаптар әлеміне саяхатқа» шақырды. 
Кесте бойынша әр топпен жеке жұмыс жасады. Оқушыларды жазғы демалыс кезінде уақыттарын пайдалы өткізуге шақырды. Қызықты әрі пайдалы әдебиеттермен, қызықты оқиғалармен, мәліметтермен бөлісіп, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятты.
       Оқушылар асфальтқа мерекелік суреттер салды.
       Сонымен қатар оқушылардың таза ауада серуендеуіне, таза ауада  бойларын жазуға да көңіл бөлінді.  Лагерь жоспарымен таныстырылып, өздерінің қандай дайындықпен келулері керектігі түсіндірілді.
    Мектеп жанындағы «ЖАЗ.БАЛА.FEST»  жазғы лагерінің алғашқы күні оқушылардың көңілінен шықты.  Оқушылардың көңіл- күйлері жоғары деңгейде болды.
           Мектеп жанындағы «ЖАЗ.БАЛА.FEST»  жазғы лагері  өз жұмысын күнделікті жоспар бойынша жүргізді. Окушылармен «Достық күні», «Күлкі күні», «Денсаулық күні», «Табиғат аясына саяхат» т.б. қызықты іс шаралар ұйымдастырылды.

Мектеп қызметкерлері оқушыларды  күнделікті жақсы көңіл- күймен қарсы алып, мектеп медбикесі әр оқушының денсаулығына назар аударып отырды.       
     Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  оқушыларға  көңілді әуенмен  таңғы жаттығулар жасатты.  Дене жаттығуының адам денсаулығына пайдасы туралы мәліметтер оқушыларға үнемі айтылып отырды. Көңілді әуенмен  жүргізілген жаттығулар балалардың   өз уақыттарын лагерде жақсы көңіл- күймен өткізуіңе ықпал етті.
      Таңғы жаттығудан кейін оқушылар жоспар бойынша жұмыстарын өз топтарында жалғастырды.

      Топ жетекшілері оқушыларға күнделікті бағдарламалар мен алдын-ала жасалынған кесте  бойынша тақырыптық  ақпараттармен, танымдық мәліметтермен, қызықты деректермен бөлісті. Оқушылар әртүрлі тақыптар бойынша  фильмдерден үзінділер, видеороликтер,  презентациялармен мен слайдтар  тамашалап отырды.
        Топ жетекшілері  жұмыстарын бекітілген тақырыптарда  викториналық сауалнамалар ұйымдастырып отырды, оқушылар сұрақтарға жауап берді және осы тақырыптар бойынша  өздері білетін мәліметтерімен және өз ойларымен үнемі  бөлісіп отырды..
       Оқушылар күнделікті  «Өз қолыммен « айдары бойынша   әртүрлі материалдардан   тақырыптық қолөнер бұйымдарын  жасатты.

Оқушыларға қолөнермен айналысу ерекше ұнады. Жұмыс соныңда өздері жасаған қолөнер бұйымдары бойынша бір- біріне сұрақтар қойып, кері байланыс жасап отырды және өздері құрастырған кейіпкерлерін сомдап, актерлық  шеберліктерін көрсетті.
       Оқушылардың белсенді қимыл- қозғалыста болуларына ерекше көңіл бөлінді.

Спорттық -эстафеталық, дамыту жаттығулары үнемі жасалынып отырды.

Эстафеталық ойындар оқушыларға ерекше ұнады, барлық оқушылар топтық алған орындары бойынша медалдармен марапатталды.
        Сонымен қатар топ жетекшілері оқушылардың таза ауамен тыныстауын, табиғат аясында демалуларын да ұйымдастырды. Оқушылармен аудандық «Кітапхана»,

«Мәдениет үйі» , «Орталық Саябаққа» саяхаттар ұйымдастырылды.
         Барлық іс- шаралар оқушы денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай өтті.  Мектеп медбикесі  әр оқушыға жеке көңіл бөліп, денсаулықтарына баса назар аударды.
Мектеп жанындағы «ЖАЗ.БАЛА.FEST» жазғы лагері өз жұмысын нәтижелі, жоғарғы деңгейде аяқтады.

фотолар

Қосымша ақпарат көздері