Облыстық семинар

2023 жылдың 5 мамырында Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында «Жаратылыстану-математикалық цикл сабақтарындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» облыстық шығармашылық шеберхана жұмысы аясында «Білім беру үдерісіндегі интеграция-жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытудағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылығын дамыту құралы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Мақсаты — білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін практикалық дағдыларын қалыптастыру процесінде мұғалімдердің мотивациясын арттыру және қызығушылықтарын қалыптастыру.

Семинар барысында география пәнінің мұғалімі Короткова С.В. және математика пәнінің мұғалімі Жусупова С.Н. «Экологиялық мәселелер» тақырыбында 5-сыныпта математика және жаратылыстану пәндерінің кіріктірілген сабағын өткізді. Сабақ мазмұнды, әрі қызықты өтті. Әр мұғалім өз тәжірибесіндегі әдіс-тәсілдерін, заманауи технологияларын қолданды. Сонымен қатар, мастер-кластар мен панорамалық сабақтар көрсетіліп, шығармашылық шеберханаға қатысушы мұғалімдер оқушылар арасындағы функционалдық сауаттылықты дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған бұл шара семинар тақырыбына толықтай сәйкес келіп, семинардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі бойынша жоғары бағаланды. Семинардың артықшылығы ретінде осы іс-шараның өзектілігі, ұсынылатын жұмыс формаларының әртүрлілігі, материалды ұсынудың қолжетімділігі мен мазмұндылығы аталды.

Қосымша ақпарат көздері