2–4 сынып оқушылары арасында «Әдеби сахна» атты инсценировка байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Балалар кітапханасы», «Шабыт» жобалары және «Заң және тәртіп» айлығы аясында 2–4 сынып оқушылары арасында «Әдеби сахна» атты инсценировка байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, сахналық мәдениетін дамыту, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарды, заң мен тәртіпке құрметпен қарауды тәрбиелеу.

Байқауға 2–4 сынып оқушылары қатысып, балалар әдебиеті шығармалары бойынша дайындалған инсценировкаларын ұсынды. Оқушылар дайындыққа үлкен жауапкершілікпен және шабытпен қарап, кейіпкерлердің бейнесін, сөздерін, қимыл-қозғалысы мен мимикасын ойластырды, сахналық костюмдер мен декорацияларды дайындады. Әрбір қойылым өзінің ерекшелігімен, әсерлілігімен және актерлік шеберлігімен көзге түсті.

Жас өнерпаздар топпен жұмыс істеу, мәтінді мәнерлеп оқу және әдеби кейіпкерлердің мінезін жеткізе білу қабілеттерін көрсетті. Көрермендер қойылымдарды қызығушылықпен тамашалап, қатысты.

Қосымша ақпарат көздері