Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-де 30 қаңтар күні «Заң және тәртіп» құндылығы он күндігі және “Оқуға құштар мектеп” балалар кітапханасы аясында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Шараға Қарғалы аудандық балалар кітапханашысы Жылкыбаева Гүлзира Кайраткызы қызықты кітаптар алып келіп оқушыларға таныстырып оқуға, білімге құштар болуға шақырды. Сонымен қатар білім алушылар түрлі қызықты тапсырмалар орындап, сұрақтарға белсене жауап беріп білімдерін шыңдады. Шара соңы оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылып көңілді аяқталды.
