«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIII Республикалық байқауының аудандық кезеңінде еңбек өтілі 1 жыл 6 ай жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Арайлым Нұрланқызы Байтөре 3 тур бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, I дәрежелі дипломмен және аудандық кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықпен марапатталды. 2026 жыл 17-18 наурыз күндері Ақтөбе қаласында өткен облыстық кезеңде «КӘСІБИ ШЕБЕР ПЕДАГОГ» номинациясымен марапатталып, инновациялық қызметін, кәсіби шеберлігін жетілдірді. Байқау барысында мамандыққа деген көзқарасын көркемсөзбен жеткізіп, бейтаныс сыныпта заманауи сабақ өткізіп, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында азаматтық және құндылықтық бағдарлардың ықпалдастыруын көрсеткен Арайлым Нұрланқызын шын жүректен құттықтаймыз!


