Мектепте жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық шеберлігін дамыту және ұжымға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында психолог Н.С. Ивахова тренинг ұйымдастырды.Тренинг барысында жас мамандарға:
• педагогикалық қызметтің қыр-сыры;
• оқушы және ата-анамен жақсы қарым-қатынас орнату;
• кәсіби күйзелістің алдын алу жолдары туралы мағлұмат берілді.
Сергіту сәттері мен психологиялық жаттығулар тренингтің мазмұнын жандандырып, жас мамандардың белсенділігін арттырды.


