2025 жылғы 3 қазанда «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында» Өзін-өзі басқару күні өтті.

Осы күні 11-сынып оқушылары мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің рөлін өз мойындарына алды. Жоғары сынып оқушылары бұл іс-шараға алдын ала дайындалып, міндеттерді бөлісті, сабақ кестесін құрды, сабақ жоспарларын әзірледі және бастауыш пен орта буын оқушыларымен жұмыс істеу тәсілдерін ойластырды.

Әрбір он бірінші сынып оқушысы өзін математика, орыс және қазақ тілі, биология, тарих және басқа да пәндер бойынша мұғалім рөлінде сынап көрді. Бастауыш және орта буын оқушылары ерекше өткен сабақтарға қызығушылықпен және ынтамен қатысты. Жоғары сынып оқушылары сабақтарды тек мазмұнды ғана емес, сонымен қатар қызықты етуге тырысып, ойын элементтері мен интерактивті тапсырмаларды, топтық жұмыстарды қолданды. Күн жылы әрі достық атмосферада өтті. Мұғалімдер өз «ізбасарларының» жұмысын қызығушылықпен бақылап, 10-11-сынып оқушыларының жауапкершілік, ұйымшылдық және шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалады.

Қосымша ақпарат көздері