16 қазан күні КММ «Бадамша мектеп-бөбекжай бақшасында» маңызды оқиға өтті — Мектеп Парламентінің Президентін сайлау!

Сайлауға 7–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Бұл шара оқушылардың мектептегі демократиялық үрдістерге қатысуына мүмкіндік берді.

Мектептің өзін-өзі басқару Президенті лауазымына 9 үміткер ұсынылды. Барлық кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған идеяларын ортаға салды. Олар жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін көрсете білді.

🗳 Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинап, 8 «А» сынып оқушысы Нечаев Артур жеңіске жетті.

🎉 Артурды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оған алдағы мектепішілік жұмыстарға табыс пен батыл шешімдер тілей отырып, атқарылған әрбір жұмыстан оң нәтиже шығарады деп сенеміз.

Сондай-ақ, сайлауға қатысқан барлық үміткерлерге алғысымызды білдіреміз. Оқушылардың белсенділігі – мектептегі өзін-өзі басқарудың дамуына үлкен үлес.

Жаңа Президентпен бірге жаңа идеялар мен жетістіктерге жол ашық болсын!

Қосымша ақпарат көздері