13 қаңтар күні Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-сінде «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Заң және жауапкершілік» тақырыбында 9 «Б» сынып оқушыларына құқықтану пәні мұғалімі Габдулкадиров О.А. салық және салық салу бойынша азаматтық жауапкершілікті дамытуға арналған ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізіп, жаднамалар таратты.
Дәріс барысында оқушыларға салықтың мәні мен маңызы, азаматтардың салық төлеудегі құқықтары мен міндеттері, салықтан жалтарудың құқықтық салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекет дамуына әрбір азаматтың қосатын үлесі, заң талаптарын сақтау мен жауапкершіліктің қоғамдағы орнына ерекше назар аударылды.
Таратылған жаднамалар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және күнделікті өмірде заң талаптарын дұрыс қолдануға бағытталды. Бұл дәріс жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.
Аталған кездесуге мектеп Парламентінің «Ақпарат» фракциясының мүшелері қатысып, ақпараттық қолдау көрсетті.
#ЗаңментәртіпАқтөбе2026
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
@abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
