«Заң және тәртіп»

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-де 23 қаңтар күні «Заң және тәртіп» құндылығы аясында мектеп парламентінің «Заң және тәртіп» фракциясының мүшелері «Заңды өзіңнен баста» атты жаднамалар таратты.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру болды. Жаднамаларда мектеп ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, өзара сыйластық пен тәртіптілік қағидалары кеңінен қамтылды.

Қосымша ақпарат көздері