«Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ – де барлығы 462 оқушы бар, оның ішінде 31 оқушы тегін жеңілдікпен тамақпен қамтамасыз етілген; жетім балалар, қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балалар санатынан — 2 оқушы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар — 4 оқушы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек — 17 оқушы, өзге де санаттар — 8 оқушы, ата – аналардың өтініштері негізінде тиісті құжаттармен ұсынылған.
Бір балаға тамақтану құны 453 теңгені құрайды.
Мектеп асханасында балалардың тамағын қабылдау оқу сабақтарының режиміне сәйкес ұзақтығы 15 мин ауысымда сыныптар бойынша екі ауысымда жүргізіледі. Мектеп бойынша жауапты кезекші асханада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және асхана қызметкерлеріне тамақтандыруды ұйымдастыруға жәрдемдеседі, білім алушылардың тамақтану алдында жеке гигиенасын бақылайды.
Күн сайын медицина қызметкері дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына (бракераж) жазбалар енгізе отырып, олардың сапасын органолептикалық бағалауды жүргізеді. Тамақтану сапасын мерзімді бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы медицина қызметкерін, әкімшілікті және ата-аналар комитетінің өкілін міндетті түрде қоса отырып, объект басшысының бұйрығымен айқындалады. Дайын тағамды беру сынама алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Асхана эстетикалық жағымды безендірілген, жаңа жиһаздармен жабдықталған. «Мәзір», «Денсаулық бұрышы», «Ас — адамның арқауы»ауыстырылатын стендтері ресімделді. Асханада жеке гигиенаны сақтау үшін жағдайлар жасалған: қолды жылы сумен және сабынмен жуу, электр кептіргіштер, үстелдерде майлықтардың болуы. Асхана жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, беттерді өңдеуге мүмкіндік беретін жабыны бар асхана жиһазымен жабдықталған. Асхана мен ас блогының үй-жайы санитарлық нормаларға сәйкес күйде ұсталады. Режимге сәйкес барлық гигиеналық процедуралар жүзеге асырылады, өнімдерді салу нормалары сақталады; сүт өнімдері, құс еті, ет өнімдері, балық жеке тоңазытқыштарда сақталады; барлық өнімдерге сапа сертификаттары бар. Асхананың ас блогында барлық жабдықтар, мүкәммал таңбаланған, шикізатты өңдеу, персоналдың жеке гигиенасы, өндірістік үй-жайлардың санитарлық жағдайы мен күтімі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді.
Асхана қызметкерлері жылына бір рет медициналық сараптан өтеді. Арнайы киіммен қамтамасыз етілді, қажетті еңбек жағдайлары жасалды.






