2026 жылғы 6 қаңтарда, ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн шеберхана сәтті өтті. Шараның негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, оқу үдерісінде заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын көрсету. Шеберхана ZOOM платформасында ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға бағытталған мазмұнды баяндамалармен ерекшеленді. Қатысушылар ағылшын сабағында:
🔹 жасанды интеллект арқылы оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту
🔹 тыңдалым дағдыларын жетілдіру
🔹 сторителлинг пен комикс жасау әдістерін қолдану
🔹 дәстүрлі сабақтан цифрлық сабаққа көшу жолдары
сияқты өзекті тақырыптар бойынша пайдалы ақпарат алды.
Іс-шараның шеберхана жетекшісі – Жубаниязова Гулайым Птуажанқызы. Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды.



