Аудандықсеминар-практикум

2026 жылдың 3 ақпанында Қарғалы ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында «Педагогтердің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттілігін жетілдіру – мектептің зияткерлік ортасын қалыптастырудың қажетті шарты» әдістемелік семинар-практикум өткізілді.               

 Бұл шараның мақсаты:
— Педагогтердің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттілігін жетілдіру ;
-Тәжірибе алмасуды дамыту;
-Мектептің зияткерлік ортасын қалыптастыруға бағытталған кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Семинар-практикум барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Е. Баенова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, облыстық шығармашылық шеберхана жетекшісі Г.П. Жубаниязова, мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Е.А.Курман, бастауыш сынып мұғалімі Ю.И. Федь және логопед А.В. Кузьмина мектепте жүргізілетін әдістемелік жұмысты теория және практика жүзінде көрсетіп, білім саласындағы өзекті мәселелерді қозғады. Қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, психолог А.Ж. Тайжан жүргізген кері байланыста жылы лебіздерін айтып, алғыс білдірді.

Қосымша ақпарат көздері