ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

2025 жыл 30 қыркүйек күні «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы 2024-2025 оқу жылында өткізілген Ұлттық мектеп лигасын қорытындылау мақсатында салтанатты жиын ұйымдастырды. Жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулудағы, шәкірт тәрбиелеудегі жемісті де адал еңбегі, білім алушының жоғары спорттық жетістіктерге жетуде қосқан елеулі үлесі мен Ұлттық мектеп лигасы аясында жүлделі орынға ие болған Жубаныш Куанышович Курманбаев пен Айдын Сейткалиевич Шибаев ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды. Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта спорт саласында алар асуларыңыз бен шығар биіктеріңіз көп болсын деп тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері