МЕКТЕП ФОРМАСЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында мектеп формасына қойылатын талаптар » туралы бұйрықтың 13,20 тармақшаларында: «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды», «Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді»делінген. «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы»КММ –сі біріңғай мектеп формасын ұсынады.
ҰЛ БАЛАЛАР ҮШІН
ҮСТІ: күңгірт — көк ,жилет,ақ,көгілдір жейде, 9-11 сынып ұл балалары үшін классикалық галстук, төсінде мектеп эмблемасы болуы керек. (күннің суық мезгілінде пиджак,трикотаж жилет)
АСТЫ: классикалық үлгідегі шалбар (ұзындығы-тобықты жауып тұру керек)
ҚЫЗ БАЛАЛАР ҮШІН
ҮСТІ: күңгірт- көк пиджак,жилет,ақ кофта, төсінде мектеп эмблемасы( күннің суық мезгілінде трикотаж жилет,жейде)
АСТЫ: үлгісі таңдауы бойынша белдемше (кеңсеге арналған белдемшенің ұзындығы тізе тұсында және тізеден 5 см-ге дейін жоғары не төмен болмауы керек), мектеп сарафаны, күннің суық мезгілінде ұзындығы-тобықты жауып тұратын классикалық шалбар).
Мектеп формасына түрлі конфессияға жататын діни элементтерді енгізуге жол берілмейді.
Рұқсат етіледі:орта білім беру ұйымын ерекшелеп тұратын эмблема киімнің оң жақ тұсында орналасады.(пиджак,жилет)


Қосымша ақпарат көздері