Негізгі орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

18 маусым күні КММ «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» мекемесінде 9″А» және 9″Б» сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Олардың арасында үздік аттестат иегерлері де бар. Тағы 33 түлек мектеппен қоштасты, енді олардың алдында жаңа белестер мен мүмкіндіктер ашылады.

Бұл күн әр оқушы үшін ерекше болды: толқу, қуаныш, алғыс пен мақтаныш сезімдері оқушылардың, ата-аналардың және ұстаздардың жүрегін толтырды. Артта – қажырлы еңбек, қызықты мектеп күндері, жеңістер мен жаңалықтарға толы жылдар қалды. Алда – жаңа мақсаттар, маңызды шешімдер мен үлкен өмір жолы күтіп тұр.

Түлектерге арнап жылы лебіздерін мектеп директоры, сынып жетекшілері және мұғалімдер айтты. Олар жас түлектерге өзіне деген сенімділік, білімге деген құштарлық, мейірімділік пен табандылық тіледі.

Әрбір түлек өз жолын тауып, таңдаған мамандығы бойынша табысқа жетіп, мектеп қабырғасындағы ең жарқын естеліктерді жүрегінде сақтасын.

Құрметті түлектер, мектеппен қоштасуларыңызбен құттықтаймыз! Ақ жол, жарқын болашақ тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері