Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында құрылған Жол картасының орындалуы негізінде «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы»КММ-де «Көркем мінез-баға жетпес байлық» атты іс-шара мектебіміздің қыздар клубының оқушыларымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағымдардың идеологиясының таралуының алдын алу, жастардың бойында көркем мінез-құлықты, адамгершілік құндылықтарды, дұрыс діни көзқарасты қалыптастыру және олардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету. Іс-шараны ұйымдастырған клуб жетекшісі мектеп психологі Тайжан А.Ж, қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Есентаева А.С.
#Жастар
#ЖатАғым
#Қауіпсіздік
#ДіниСауат
«Көркем мінез-баға жетпес байлық» атты іс-шара өткізілді
