Ағымдағы жылдың 24.04 күні «Бадамша мектеп бөбекжай-бақшасы» КММ оқушылары және ата-аналары арасында мектеп психологы профилактикалық әңгіме жүргізіп, жадынамалар таратты.
Мақсаты: мектептегі психологиялық, әлеуметтік және эмоционалдық қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.
1. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау — зорлық-зомбылықтан, қудалаудан және қысым көрсетуден қорғау.
2. Эмпатия мен құрметті дамыту — бір-бірін түсіне білу, сыйлау мәдениетін қалыптастыру.
3. Психологиялық денсаулықты нығайту — құрбыларының қысымынан күйзеліске ұшырамауын қамтамасыз ету.
4. Проблеманы ерте анықтау және шешу — буллингтің белгілерін ерте байқап, уақытында әрекет ету.
5. Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту — дұрыс қарым-қатынас орнату, келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу қабілеттерін арттыру.
6. Қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қалыптастыру — әр оқушы өзін бағалы әрі қорғалған сезінетін мектеп мәдениетін орнату.
@jan_ahual_aktobe