2025 жыл 15 сәуір күні жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қарғалы ауданының “Мансап” орталығы “Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы” КММ-нің жоғарғы сынып оқушыларына skills.enbek.kz платформасында оқыту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға “Электрондық еңбек биржасы” бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдылары үйретілді.


