2024–2025 оқу жылында Соңғы қоңырау және мектеп бітіру іс-шараларына байланысты «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-нің әкімшілігі ата-аналар, мұғалімдер және түлектерге қатысты бірқатар шектеулер енгізгенін хабарлады.
Негізгі тыйымдар:
— 4, 9және 11-сынып түлектерінен мектеп қажетіне ақша жинауға;
— Іс-шараларға аниматорлар, агенттіктер мен студияларды шақыруға;
— Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
— Мектепке шаруашылық тауарларын сатып алуға немесе ішкі жөндеу жұмыстарына қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
— Автокөлік шеруі (автопробег);
— Ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен мейрамханаларға бару;
— Ата-аналар есебінен ұйымдастырылған мерекелік дастархандар.
Бұл шаралардың барлығы парақорлықтың алдын алуға және педагогикалық этиканы сақтауға бағытталған.
Мектеп қызметкерлеріне сыйлық алуға тыйым салынған. Мектеп директоры Р.К. Шаметова
АҚПАРАТ
