2025 жыл 28 сәуір күні «Жас педагогтер мектебі» шеңберінде 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша бүгіннің күннің трендтері аясында жас педагогтердің шығармашылық қызметін дамыту, оқу үдерісіндегі мотиватор және фасилитатор ретіндегі рөлін қалыптастыру мақсатында «Заманауи мектепке — талапты мұғалім» атты мектепішілік байқау өтті. Байқау барысында ТEDx форматта инновациялық идеялар мен іс-әрекет түрлерін іздеуде, білім беру жүйесін жетілдіруде кәсіби, креативті көзқарастарын білдіріп, мектеп директоры, Рита Кубайдуллиновна Шаметова мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының төрағасы, Гульнара Сагидолловна Байменшинаның қолынан Диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
— Айгерим Амангалиевна Калмагамбетова Гран При;
-Серик Бауржанович Садыков I орын;
-Айдын Сейткалиевич Шибаев орын;
— Арайлым Нұрланқызы Байтөре орын.
Барлық қатысушыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр баланы білімге шабыттандырып, бренд ұстаз болуға тілектеспіз!




