Аудандық шығармашылық шеберхананың қорытынды отырысы

2025 жыл 21 сәуір күні «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-нде «Дискуссионные формы обучения в преподавании предметов гуманитарного цикла как основа формирования глобального мышления» тақырыбында аудандық шеберхананың қорытынды отырысы өтті. Отырыс барысында мектеп директоры, Рита Кубайдуллиновна Шаметова, шеберхана қатысушыларына жылы лебізін білдіріп, әдістемелік бағытта нұсқаулық берді. Тарих және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, педагог-сарапшы санатындағы аудандық шеберхана жетекшілері, Олжас Амангельдыевич Габдулкадиров пен Айгерим Мугаззеровна Утешева, ашық сабақ өткізіп, жасанды интеллект платформаларымен практика жүзінде жұмыстарын көрсетті. Магистр ғылыми дәрежесіндегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, Динара Талгатовна Шанаева мен Серик Бауржанович Садыков, өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ барысында, формативті бағалау кезінде қолданатын әдіс-тәсілдерін ортаға салды.
2024-2025 оқу жылында аудан көлемінде шеберхана жұмысын ұйымдастырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуде зор еңбек атқарған шеберхана жетекшілері
мен белсенділік танытқан мұғалімдер Қарғалы аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Қосымша ақпарат көздері