Сабақтың нақты құндылығы – оның нәтижесі, оқушылардың материалды меңгеру дәрежесі. Сабақты бағалаудың негізгі критерийлеріне, ең алдымен, оқытудың принциптеріне сәйкестігі, сондай-ақ оқу-ағарту министрлігі бекіткен мектеп қызметін бағалау критерийлері жатады. Осы талаптарды негізге ала отырып, сабақтағы оқу-тәрбие процесінің құрылымын талдап, тапсырмалардың оңтайлылығын, мұғалім таңдаған сабақ мазмұнының ұтымдылығын, оқытудың формалары мен әдістерін анықтай аламыз. Жас және қызметке қайта тұрған мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында ЖПМ (жас педагогтер мектебі) аясында 2024 жылдың 06 қаңтарында «Самоанализ современного урока» тақырыбында мастер-класс өтті. Светлана Николаевна Жусупова сабақтың өзін-өзі талдауын қалай дұрыс жүргізу керектігін, өз нәтижеңді қалай зерттеп, сабақтың тиімділігін арттыруға болатынын түсіндірді.


