2025 жылдың 13 ақпаны күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Қарғалы аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында жас педагогтер арасында аудандық әскери-патриоттық жарыс өтті. Бұл жарыстың мақсаты — жас педагогтердің патриоттық рухын көтеру, командалық жұмыс дағдыларын дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Ауған соғысының ардагерлері Г.А.Свайкулов және Г.Т.Жүзбаев , Қарғалы аудандық қорғаныс бөлім басшысының орынбасары Е.А.Сапарғалиев, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.С. Байменшина қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аудан мектептерінен қатысқан 7 команда ішінен:
I орын – Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының «Жалын» командасы;
II орын – В.И.атындағы Пацаев орта мектебінің «Қыран» командасы;
III орын – Ащылысай орта мектебінің «Рух» командасы жеңіп алды.
Жеңімпаздар аудандық кәсіподақ ұйымы атынан мадақтама және естелік сыйлықтармен марапатталды!!!
I орынға ие болған Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының жас педагогтеріне Түркістан қаласына туристік саяхатқа жолдама табысталды!
ЖАС ПЕДАГОГТЕР ЖЕҢІСІ
