2025 жыл 06 қаңтар күні «Введение в искусственный интеллект и его образовательный потенциал. Практическое использование ИИ в преподавании английского языка» атты шығармашылық шеберхана отырысы өтті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, аудандық шеберхана жетекшісі Айгерим Мугаззеровна Утешева білім берудегі жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы айтты. Қатысушылар ЖИ негіздерін және оның ағылшын тілін оқытудағы практикалық қолдануларын, соның ішінде тіл көмекшілерін, чат-боттарды және жекелендірілген оқу платформаларын пайдалануды үйренді. Отырыс барысында мұғалімдер ЖИ-ті оқу үдерісінде қолданудың артықшылықтары мен қиындықтарын талқылап, өз жұмыстарына технологияны енгізу бойынша практикалық дағдылар алды.


